Социум

Елімізді еңселі биіктерге бастайтын тарихи құжат

Елімізді еңселі биіктерге бастайтын тарихи құжат

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқының талқысына салған алғашқы Жолдауында «Елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңартпай, экономикалық реформаларды табысты жүргізу мүмкін емес»,-деп атап көрсеткен болатын. Бұл орайда Президент жалпы азаматтық, қоғамдық диалогты, саяси бәсекелестік пен көппартиялық жүйені дамытуды ең басты басымдықтар деп санайтынын баса айтып өтті. Осы пікірімен ол жаңа партиялардың өмірге келуіне жол ашты және Қазақстан халқының саяси белсенділігін арттыруға серпін берді.

«Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық құрылымдары қоғам қажеттілігін ескеруге тиіс», – деді Қасымжомарт Кемелұлы. Ол үшін бақылау, талдау және болжау жүйелерінің күшейтілуіне назар аударуымыз керек». Осы мақсатпен Президент Парламент жанынан Заңнаманы зерделеу және сараптау институтын құру жөнінде тапсырма берді. Яғни, бұдан былай қабылданатын заң сапасын арттыруға ерекше мән берілетін болады. Қабылданған кейбір заңдардың сапасының сын көтермейтіні ешкімге де құпия емес. Сол себепті оны қарапайым халық түсінбейді.

Президент өзінің Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де жіті көңіл бөліп отыр. Мұндағы басты фактор – сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын барынша терең реформалау. Оның ішінде сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет екендігі де аталып отыр. Ол үшін судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығын мызғымас сипатқа айналдыруға баса назар аударып, судьялардың ешкімге жалтақтамай, тек заңға ғана бағынып, әділетті шешім қабылдауын атап өтті. Ол үшін Президент бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруға баса көңіл бөлуді ұсынып отыр.

Сонымен қатар Президент ерекше мән беріп отырған тағы бір мәселе – азаматтардың соттарда көбінесе мемлекеттік аппарат ресурстарымен бәсекелесе алмайтын теңсіздік жағдайында қалуы. Жеке тұлғалардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппарат ресурстарымен салыстыруға келмейтіні түсінікті. Осыған орай, Қ.Тоқаев әкімшілік сот төрелігін енгізу қажет екендігін баса айтты. Бұл тәсіл арқылы ол азаматтардың өздерінің заңды мүдделерін мемлекеттік органдармен бірдей дәрежеде қорғауға қатысуына жол ашуды көздеп отыр.

Президент өз Жолдауында заңнаманы ізгілендіру ісіне көбірек көңіл аударылып, азаматтардың негізгі құқықтарының назардан шығып бара жатқанына тоқталды. Әрине,бұл дер кезінде көтеріліп отырған мәселе. Кейінгі кезде зәбір көрген адамдардың мұң-мұқтаждарының көбейіп кеткені рас. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам

саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамдарға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстардың қатары өсе түсуде. Жолдауда осындай қылмыстар үшін жазаны қатайту қажет екендігін атап айтты. Бұл мәселенің көптен бері халықтың көкейін тесіп келе жатқаны да шындық болатын.

Жолдаудағы орнымен көтерілген тағы бір мәселе – браконьерлік проблемасы. Браконьерлердің жақсы қаруланып, жарақтанғаны, жан-жақты жабдықталған күйде табиғатты таптауға шығатыны кімді болса да алаңдатады. Сондықтан да Президент жануарлар әлемін қорғау инспекторларының браконьерлердің заңсыз жорықтарына тиімді тосқауыл қоюы үшін оларды да техникалық құралдармен, қару-жарақпен барынша толық жабдықтаудың қажет екендігіне баса назар аударып отыр.

Е.Т.Шымыров, Семей қаласының
№2 сотының судьясы

Читайте также

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close
Close